15 қыркүйекте 22 сағат 30 минутта Құлсары-Теңіз тас жолының Жаңақорған селосы маңында «Киа-Серато» автокөлігінің 22 жасар жүргізушісі басқаруды қолдан шығарып алып, келесі бағытқа шығып кетіп, 37 жасар Атырау қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Дэу-Нексия» көлігіне соқтығысты.
Жол көлік оқиғасының нәтижесінде «Дэу» жүргізушісі алынған жарақаттардың зардабынан ауруханаға барар жолда жан тапсырды. «Киа» жүргізушісі және оның екі жолаушысы Жылыой аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ