Атырау, 5 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Шерхан Қалмұрза ректорлық білім беру грантын алды

271 рет қаралды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Шерхан Қалмұрзамен кездесті.

Кездесу барысында министр бұқаралық спорттың дамуы мен жоғары білімнің жастардың болашағына әсері туралы айтты.

«Балалардың денсаулығы мен сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе. Спортшылар тек жетістіктерге қол жеткізіп қана қоймай, спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де түрлі салаларда дамуы тиіс», – деді министр.

Кездесу барысында Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты табыс етілді. Академия проректоры Мұхтар Есқалиев оқу орны әрдайым студенттердің бастамаларын қолдайтынын атап өтті. 

Жас спортшы көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстандағы футболдың дамуына үлес қосуға ниетті екенін айтты.

6 қазан, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.