Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Құлагер» хоккей клубының бастығы ұсталды

254 рет қаралды

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген «Құлагер» хоккей клубының бастығы Сергей Филь қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция мәліметінше, 45 жастағы Астана тұрғыны бірнеше адамға қатысты алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деп есептелуде. Қазіргі уақытта ол полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, осы кезеңде қосымша мәліметтер жарияланбайды.

Айта кетейік, Сергей Филь 24 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кеткен болатын, ал бірнеше хоккейші оған қатысты алаяқтық дерегі бойынша полицияға шағымданған еді.

6 қазан, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.