Пан ГИ МУН, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
- Біріккен Ұлттар ұйымының комиссиясы 21 тамыз күні Дамаск түбіндегі Гута қалашығындағы шабуылда химиялық қарудың тым көп мөлшерде қолданылғанын растайтын бірқатар бұлтартпас дәлел ұсынды. Сол себепті де жазықсыз жандар, негізінен бейбіт тұрғындар қырылып қалды.
Гута қалашығының бірнеше аймағын зерттеуге барған сарапшылар шабуылдан аман қалған 50-ден астам адаммен тілдескен екен. Олардың арасында құтқарушылар мен дәрігерлер де болған. Халықаралық мамандар оқиға орнынан биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін үлгілерді де ала кеткен. Олардың 95 пайызынан зарин газының әсерінен жүйке жүйесінің байлануы арқылы улану фактісі анықталған. Сарапшылар шығарған қорытындыға сәйкес, бұл газ кеңестік үлгідегі «жер-жер» санатындағы баллистикалық ракеталардан жіберілген. Бірақ, баяндамада тыйым салынған қаруды нақты қай жақтың қолданғаны айтылмаған. Енді БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер Сириядағы жағдайға қатысты резолюцияның жобасын қарастырмақ.
Дереккөз: Хабар