Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарағанды облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан күдікті ұсталды

193 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қарағандыда полицейлер мен табиғат қорғаушылары заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктіні ұстады. Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы мен "Карохотрыбпром" ЖШС егерьлерінің бірлескен түнгі рейді барысында заңсыз аңшылық дерегі анықталды. Түнгі сағат 2 шамасында жүргізілген шара кезінде киік атқан екі азамат ұсталды.

Тексеру барысында олардың Қарағанды қаласының 48 және 40 жастағы тұрғындары екені анықталды. Белгілі болғандай, ер адамдар бір ғана аңшылық лицензиясын рәсімдегенімен, оны егерьлерге тіркетпей, заңда белгіленген тәртіпті бұзған. Бұл – аңшылық ережелерінің бұзылғанын растайды, себебі лицензияны тіркеу аң аулау квоталарының сақталуын бақылауға және жануарларды заңсыз атуға жол бермеуге бағытталған.

Оқиға орнын қарау барысында екі киіктің өлексесі, бір ұңғылы мылтық және бірнеше патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

6 қазан, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.