
«QAZAQ AIR» АҚ (VIETJET QAZAQSTAN) Әділбек Өмірәлиевтің Басқарма төрағасы болып тағайындалғанын хабарлады.
2024 жылғы мамырдан бастап осы күнге дейін ол әуе компаниясында Басқарма төрағасының міндетін атқарып келді, ал 2019 жылдан бастап компанияның қаржы директоры қызметінде болды.
Әділбек Өмірәлиевтің 18 жыл еңбек өтілі бар, оның 15 жылдан астамы көлік және коммуникация саласына тиесілі.
Швейцария Конфедерациясының Еуропалық университетінде «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА) дәрежесін алған. Бұған дейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің есептеу математикасы және кибернетикасы факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазкосмос» АҚ-да бас маман қызметінен бастады. Кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ, «Зерде» ақпараттық-коммуникациялық холдингі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеген.
QAZAQ AIR компаниясында Умралиев VIETJET халықаралық серіктесімен интеграциялау кезеңдерінде қаржылық тұрақтылық пен дамуға жауапты негізгі басшылардың бірі.
В Атырау +3