Атырау, 15 шілде 13:18
 дождьВ Атырау +32.6
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

Қазақстан ОПЕК+ шешімін қолдайтынын растады: өндірісті біртіндеп ұлғайту және мүдделер теңгерімі

551 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаисты қабылдады. Кездесу барысында тараптар әлемдік мұнай нарығының қазіргі жағдайын және ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Президент ОПЕК-тің жаһандық мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық мүддеге басымдық бере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында өңірлік энергетикалық жүйенің орнықтылығын нығайту және мұнай өндіруші елдер мен көмірсутегін импорттаушы мемлекеттер арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау шаралары пысықталды.

3 қазан 2025, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.