Атырау, 23 қараша 19:39
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иранда қателіктен Facebook және Twitter қосылып кетті

2 284 просмотра

Иран тұрғындары Facebook және Twitter әлеуметтік желісімен қауышқанына қуанып та үлгермеді. Бірнеше сағаттан кейін танымал желілерді үкімет қайта жапты, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі Associated Press-ке сілтеме жасай отырып.

Қауіпті сайттарды жабумен айналысатын Абдулсамад Хорамабади журналистерге таңертең техникалық ақауға байланысты кедергі уақытта алынып тұрғанымен, кейін қалпына келтірілгенін айтқан.

Иранда әлеуметтік желілерге төрт жылдан бері тыйым салынған. Үкімет Facebook пен Twitter көмегімен қарсыластары елде арандатушылық әрекет жасаған деп санайды. Билікке президент Хасан Рухани келген соң елдегі блогшылар бақылау біртіндеп әлсірейтін шығар деп күткенімен жағдай керісінше болды.

Алайда тұрғындар кедергіні айналып өтудің түрлі жолдарын меңгерген.

Бір қызығы ирандық басшылар өздері Facebook пен Twitter желісін пайдаланды. Иранның рухани көсемі Әли Хоменейдің бұл желілерде парақшасы бар. Онда діни тақырыптағы пікірлері пен сөздері жарияланып тұрады.

Дереккөз: bnews.kz

18 қыркүйек 2013, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.