Атырау, 5 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

355 рет қаралды
видеодан скриншот

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті адамдарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 күдікті – Сайрам ауданының тұрғындары. Олар жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге сомасында ақша бопсалағаны анықталды.

Жедел уәкілдер күдіктілерді тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

3 қазан, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.