Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Кассациялық сот бірінші партисипативтік келісімді бекітті

332 рет қаралды

Дау жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды және моральдық шығынды өтеу туралы іс бойынша өкілдік шығыстарының көлеміне қатысты туындаған.

Іс үш сот сатысында да қаралды. Алайда, жауапкер келісімде бұрын келісілген соманың бір бөлігін төлемегендіктен, өкіл сотқа талап қоюмен жүгінген.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар жауапкерден өкілдің пайдасына 560 мың теңге өндіріп берген.

Кассациялық сотта тараптардың өкілдері бітімге келді. Сындарлы диалог барысында өтемақы мөлшері мен шарттарын қоса алғанда, өзара қолайлы шарттар келісілді.

Жауапкер студент екенін ескере отырып, талап қоюшы өз талаптарын ішінара қанағаттандыруға келісті. Тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеді.

Келісім бекітілгеннен кейін кассациялық сот бұрын шығарылған сот актілерінің күшін жойып, іс жүргізуді тоқтатты.

Татуласу сот ісін жүргізудің кез келген сатысында мүмкін, ал кассациялық тәртіп те ерекшелік емес. Бітімгершілік келісім тараптардың қосымша сот шығындарын жойды: талап қоюшыға мемлекеттік баж қайтарылды, ал жауапкер сот шешімін орындауға кеткен шығындарды немесе басқа да шығындарды өтеуге міндетті болмады.

Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз, адвокаттардың немесе заң консультанттарының қатысуымен тараптардың келіссөздері арқылы жүзеге асырылады.

3 қазан, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.