Атырау, 5 желтоқсан 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

SCAT Airlines: 2026 жылы Қазақстан мен Латвия арасында тікелей рейс​ ашылады

461 рет қаралды

1 қазан 2025 жылы Алматыда Қазақстан мен Латвия арасындағы бизнес-форум өтті. Шараға екі елдің іскерлік өкілдерінен шамамен 50 адам қатысты.

Форумда екі ел арасындағы әріптестік және жаңа ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Қазақстан Латвияны сенімді серіктес деп санаса, Рига біздің елді Азия мен Еуропаны жалғайтын стратегиялық көпір ретінде бағалайтынын айтты.

Айтылғандай, транзиттік жүк тасымалы саласында оң динамика байқалады: Қазақстандық жүктің Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепая порттары арқылы өтуі Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикада маңызды рөл атқарады.

Форум барысында әуе қатынасын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. SCAT Airlines 2026 жылдың көктемінде Қазақстан мен Латвия арасындағы тікелей рейсті іске қосатыны хабарланды. Бұл шешім жолаушылар тасымалын жеңілдетіп, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтады, бірлескен жобаларды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ туризм мен бизнес саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сондай-ақ, тараптар теміржол саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетіне назар аударып, тікелей әуе қатынасы екіжақты қатынастарды одан әрі бекемдеудің маңызды кезеңі болатынына сенім білдірді.

2 қазан, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.