
Былтыр жазда Еуразиялық экономикалық комиссия «жеке тұлғаның жеке қажеттілігі үшін әкелетін көлік құралы» ұғымын нақтылады. Тараптар жеке тұлғаның жеке қажеттілігі кәсіпкерлік қызметпен байланысты бола алмайды деген тұжырыммен келісіп, Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне түзету енгізді, хабарлайды kolesa.kz.
Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Әділбек Бектібаев хабарлағандай, ЕЭК кеңесінің шешімі биыл 20 қазанда күшіне енеді. Осы күннен бастап жеке тұлғалар Қазақстанға жеке қажеттілігі үшін мынадай көлік түрлерін ғана әкеле алады:
- Жеңіл көлік (медициналық мақсатқа арналған көліктен басқа) және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8703-тауар позициясына жататын басқа моторлы көліктер.
- Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8703-тауар позициясына жататын квадроцикл, қарда жүретін көлік, батпақта жүретін көліктер, жол талғамайтын мотокөлік және жалпы жолға арналмаған басқа да моторлы көлік құралдары (жалпы жолға арналмаған жарыс көліктерінен басқа).
- Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8711-тауар позициясына жататын мотоцикл, мопед, мотороллер.
- Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8702-тауар позициясына жататын 12-ден артық (жүргізушіні қосқанда) адам тасымалдауға арналмаған моторлы көлік, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 8704 21, 8704 31, 8704 41 және 8704 51 субпозицияларына жататын жүк тасымалдауға (жоғары радиоактивті материалдарды таситын көліктерден басқа) арналған толық салмағы 5 тоннадан аспайтын моторлы көлік.
20 қазаннан бастап жеке тұлғалар Коллегияның 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген тізімге кірмейтін техникаға көлік құралы құрылымының қауіпсіздігін растайтын куәлік ала алмайды. Тиісінше оларды кеденде рәсімдеп, электрондық паспорт алуға, утиль алым төлеуге және тіркеуге рұқсат жоқ. Автобус пен жүк көлігін компаниялар ғана импорттайды.
Былтыр 1 желтоқсанан бастап жеке тұлғалар мынадай шартпен ғана көлік жеткізе алады: жылына бір рет жаңа немесе қолданыста болған автомобильді көлік құралы құрылымының қауіпсіздігін растайтын куәлігін рәсімдеп, жеке пайдалануға арналған тауар ретінде кедендік тазартудан өткізеді. Коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайды.
В Атырау +3