
Алматы облыстық соты экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2025 жылғы 2 қыркүйекте Алатау қаласы соты Ертаевтың өтінішін қанағаттандырып, ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық заңына сәйкес оның өтелмеген 11 ай 16 күн жазасы қысқартылып, бостандыққа шығарған еді.
Аталған заң нормасы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, жағымсыз мінез-құлқы жоқ, өтелмеген жаза мерзімі 1 жылдан аспайтын сотталғандарға қолданылады.
Сот алқасының хабарлауынша, Ертаевқа қатысты алдыңғы сот актілерінде бірқатар процессуалдық қайшылықтар анықталған:
- бірінші үкім бойынша өтелген жазаны есептеу қарастырылмаған;
- жаза мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген;
- Алатау қаласы сотының қаулысы мен түзеу мекемесінің анықтамасында айырмашылықтар бар;
- мекеме анықтамасына басшы қол қоймаған.
Осы себепті рақымшылық жасау туралы қаулының күші жойылып, Ертаевтың өтініші қанағаттандырылмады.
В Атырау +3