Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жоғарғы сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстырудың біркелкі тәсілін әзірле​йді

268 рет қаралды

Абай облыстық сотында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинаның қатысуымен шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне (ЖЖА) ауыстыру туралы материалдарды соттардың қарауы кезінде туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстық соттың басшылығы мен судьялары, адвокаттар қоғамдастығының, прокуратураның, полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы өз сөзінде соттың негізгі мақсаты өтінішхаттардың объективті, жан-жақты және әділ қаралуын қамтамасыз ету екенін айтты. 

“Қылмыстық кодекстің және тиісті нормативтік қаулылардың талаптарын сақтау, сондай-ақ Жоғарғы Сот қорытуларындағы ұсынымдарды орындау өте маңызды. Сотталушының мінез-құлқын жан-жақты талдау, оның жеке басын ескеру, сот практикасында жазалау жағын жою - осының барлығы сотталушының өтінішхатын қарауда нақты тексеруден өтуі керек. Сонымен бірге, Жоғарғы Сот еліміздің барлық өңірлерінде ШМБ және ЖЖА-дың біркелкі тәсілін әзірлеу үшін барлық шараларды қабылдайды”, - деп атап өтті Н.Рахметуллина.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өтінішхаттарды қарау кезінде туындайтын түйіткілді мәселелерді талқылады, соның ішінде бұрынғы қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлық дәрежесін қарау, бір жылдан аз мерзімге жазасын өтеу кезінде, сондай-ақ тергеу изоляторында өтелген жазасын өтеу кезінде оң баға ала алмау мәселелер және т.б. талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша ортақ пікірге келіп, ұсынымдар айтылды.

2 қазан, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.