Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Дуров Астанада ЖИ-зертхана ашылғанын хабарлады

316 рет қаралды

Астанада жасанды интеллект (ЖИ) зертханасы ашылады, алғашқы жобасы ретінде Telegram мен Қазақстанның суперкомпьютер кластерінің бірлескен жұмысы іске қосылмақ. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge форумы барысында мәлімдеді.

«Мен бүгін дәл осы ғимаратта — Alem AI (Астанадағы халықаралық жасанды интеллект орталығы) ғимаратында ЖИ-зертхананың ашылатынын жариялай алғаныма өте қуаныштымын», — деді Дуров. 

Ол жаңа жобаны Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі іске қосатынын атап өтті.

Соңғы бірнеше ай ішінде Telegram блокчейн мен жасанды интеллект технологияларын біріктіретін жаңа жүйені дамытқан.

Павел Дуровтың сөзінше, бұл инновация жеке децентрализденген компьютерлік жүйе арқылы 1 миллиардтан астам адамға ЖИ функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді.

2 қазан, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.