Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Дуров: Қазақстан — білім мен технологияның тоғысы

291 рет қаралды

Телеграм мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында спикер ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дуров форумда әзілмен сөйлеп, Қазақстанды үміт пен шабыт беретін ел ретінде атап өтті. 

«Мен Қазақстанға әйел алуға келдім деп айтатын табысты адамдарды білемін, бірақ мен ондай мақсатпен келген жоқпын. Мен жасанды интеллект туралы сөйлесуге келдім», – деді ол.

Спикер Қазақстанды білім, отбасылық құндылықтар мен технологиялық дамудың үйлесімімен ерекшеленетін ел деп сипаттады.

«Жасанды интеллект көптеген қиындықтар тудырады, бірақ соларды шешуге де көмектеседі. Бұл — молшылық дәуірі. Біз процеске еңбек, инвестиция және терең оймен қарауымыз керек», – деді Дуров.

2 қазан, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.