Атырау, 13 ақпан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

​Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады

279 рет қаралды
Сурет: : armenpress.am

Сенаторлар Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың сапарлары мен олардың келіп-кету тәртібі туралы келісімді, сондай-ақ көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Бірінші құжат өзара сапарларды жеңілдетеді: енді Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік жеткілікті, тіркелмей жарты жыл ішінде 90 күнге дейін жүруге болады. Бұл туризмді, іскерлік байланыстарды дамытуға және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Екінші келісім көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді. Ол деректермен және құқықтық ақпаратпен алмасуды, заңсыз көші-қонға және қос азаматтыққа қарсы бірлескен шараларды, сондай-ақ тиісті органдардың іс-қимылдарын үйлестіруді көздейді.

2 қазан 2025, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.