Атырау, 5 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«ҮРКЕР» - 2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

306 рет қаралды

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2025 ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінім 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады.

Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты
  • Жылдың үздік репортажы
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы
  • Радиостанциядағы үздік жоба
  • Жылдың үздік фотосуреті
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы
  • Жылдың үздік өңірлік БАҚ
  • Жылдың үздік подкасты
  • Жылдың үздік YouTube-арнасы

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.

2 қазан, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.