Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан Тәжікстанға 900 млн-ға жуық теңгеге ​мазут жөнелтті

282 рет қаралды

2025 жылғы 30 қыркүйекте Душанбеде тәжік тарапына гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды KazAID.

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі У.Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің басшылығына 5 мың тонна мазутқа сертификат табыс етті.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде екі елдің стратегиялық қатынастары аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 893,7 млн. теңгеге (шамамен 1,65 млн.) гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен көрсетілді және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тату көршілік пен қазақ-тәжік ынтымақтастығына тән өзара табыстың көрінісіне үлес болып табылады.

Соңғы 5 жылда қазақ тарапы Тәжікстанға жеткізген гуманитарлық көмегінің көлемі 21 млн. АҚШ доллардан асты.

 

1 қазан, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.