Атырау, 25 желтоқсан 21:58
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Степногорск қ. прокуратурасы 235 млн теңге бюджеттің негізсіз шығындарының алдын алды

237 рет қаралды
Фото: freepik.com

Степногорск қаласының прокуратурасы қала әкімдігі ұйымдастырған жалпы сомасы 710 млн теңгеге 9 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықтады.

Анықталған бұзушылықтар сметалық құнды негізсіз көтеру, артық әрі экономикалық тұрғыдан дәлелсіз жұмыстар көлемін енгізу, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес келмейтін және әлеуетті жеткізушілер арасында бәсекелестік ортаға шектеу қоятын талаптарды белгілеумен байланысты болды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 710 млн теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алу жойылды. Жергілікті атқарушы органға жобалық-сметалық құжаттамаларды қайта қарау ұсынылып, соның нәтижесінде 3 конкурс алынып тасталды және 6 мемлекеттік сатып алу бойынша сметалық құн төмендетіліп, негізсіз шығыстар қысқартылды.

Нәтижесінде 235 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.

1 қазан, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.