
Алматыда өткен тарихи матчта мадридтік «Реал» жергілікті «Қайратты» 5:0 есебімен ұтты. Ойыннан кейін «корольдік клубтың» бас бапкері Хаби Алонсо әсерімен бөлісті, деп жазады Aqshamnews.kz.
«Қайраттың белсенділігі бізді таңғалдырды»
Алонсо алматылық команданың ойынын жоғары бағалады:
– «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнауға толық лайық. Олар ойынды өте белсенді бастады, алғашқы минуттарда бізге тіпті қолайсыз болды. Бірақ кейін комбинациялар құрып, прессингтен шығуға тырыстық. «Қайраттың» қарқыны бізді таңғалдырды, – деді ол.
Алматының сұлулығына тәнті болды
Испаниялық бапкер қала табиғатының да таңғалдырғанын жасырмады:
– Біз көп саяхаттаймыз, бізді таңғалдыру оңай емес. Бірақ Алматының табиғаты керемет екен. Әсіресе таулары ерекше әсер қалдырды. Турист ретінде келсем, міндетті түрде тауға шығар едім, – деді Алонсо.
Мбаппе – матчтың басты кейіпкері
Кездесуде Килиан Мбаппе хет-трик жасап, ойынның үздік ойыншысы атанды.
Оның айтуынша Килиан үнемі негізгі рөлде болады. Әсіресе бірінші голы тамаша болды. Ол биылғы маусымда фантастикалық деңгейде ойнап жүр.
VAR «Қайраттың» голын қайтарып тастады
68-минутта алматылықтар пенальтиге қол жеткізгендей болған. Дегенмен арбитр видеоны қайта қарап, шешімін өзгертіп, айып добы жойылды.
В Атырау +3