Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстанда 17 мыңнан астам киік мүйізі мен 500 киіктің еті ​тәркіленді

321 рет қаралды

Кейінгі екі жылда Қазақстанда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам киік мүйізі мен 500 киіктің еті тәркіленді. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.  

— Қылмыстық заңнаманың қатаңдығына қарамастан, браконьерлік әрекеттер әлі де бар. Соңғы екі жылда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам ақбөкен мүйізі мен 500-ден астам киік тәркіленді, — деді Н. Шәрбиев. 

Оның айтуынша, Қазақстанда киік саны 2003 жылғы 21 мыңнан 2025 жылы 5 млн-ға дейін жетті. Жалпы, бүгінде жер бетіндегі киік популяциясының 99 пайызы Қазақстанда аумағында жайылып жүр.

Айта кетейік, елімізде киік мүйізін заңды түрде экспорттауға рұқсат берілуі мүмкін.

30 қыркүйек, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.