
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады.
Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды. Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және Премьер-министр, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.
Кездесі соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
В Атырау +3