Атырау, 5 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстанда банкаралық QR төлем жүйесі іске қосылды

324 рет қаралды

Ұлттық Банк қазақстандық үш банкпен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосқанын хабарлады. Жаңа жүйе «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында жұмыс істейді.

Сервис кез келген банктің клиентіне басқа банктің пайдасына төлем жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін сатып алушы өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы сатушының терминалында көрсетілген QR-кодты сканерлеп, төлемді растайды.

Бүгіннен бастап бұл мүмкіндік Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank және Freedom Bank клиенттеріне қолжетімді. Алдағы уақытта өзге қаржы ұйымдары да жүйеге қосылмақ.

Ұлттық Банк өкілдерінің айтуынша, банкаралық QR-төлемдер банктер арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, тұтынушылар үшін төлем қызметтерінің қолжетімділігін арттырады. Жоба Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту аясында іске асырылып отыр.

30 қыркүйек, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.