Атырау, 5 желтоқсан 16:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мұғалімдер күні: қымбат сыйлық емес, шынайы көңіл мен жылы сөз жеткілікті

343 рет қаралды

Сурет: freepik.com

Қазақстанда Мұғалімдер күніне арналған сыйлықтар мен көңіл білдірудің заң шеңберінде болатыны түсіндірілді. Білім министрлігінің хабарлауынша, мектептерде мерекелік іс-шаралар тек бюджеттік қаражат шегінде өткізіледі, кез келген ұжымдық ақша жинауға тыйым салынған. Бұл туралы Информбюро хабарлады.

Министрлік өкілі Мереке Амангелдықызының айтуынша, дәстүрлі гүл шоқтары, ашықхаттар, өлеңдер, суреттер және шынайы алғыс сөздері – мұғалімдер үшін ең құнды сыйлықтар. «Мұғалім үшін ең маңыздысы – ықылас пен жылы сөздер», – деді ол.

Антикор ережесіне сәйкес, егер сыйлықтың құны АЕК-тен (19 660 теңге) асатын болса және мұғалімнің әрекеттері сыйлық берушінің мүддесіне сәйкес келетінін дәлелдейтін себеп-салдар байланысы анықталса, ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы («Заңсыз сыйақы алу») бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін. Ал 366-бап («Пара алу») мұғалімдерге қолданылмайды.

Қазақстанда Мұғалімдер күні 5 қазанға белгіленген, бұл күн Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкес келеді. Бұған дейін мереке қазан айының бірінші жексенбісінде тойланатын.

30 қыркүйек, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.