CBS телеарнасының берген ақпараты бойынша 34 жастағы Аарон Алексис ВМС-тың авиациялық құрылымдарына қызмет көрсететін электрші болып істеген.
Полицияның мәліметіне қарағанда, атысқандар үшеу болған, олардың біреуі оққа ұшты. Шабуыл жасаған тағы екі күдіктіні іздеу жүргізіліп жатыр. Алексистан басқа базаға жасалған шабуыл барысында 12 адам мерт болды. Вашингтон мэрі Винсент Грэйдің айтуынша, олардың мәйіттері әлі танылған жоқ.
База аумағына Алексис жалған құжаттармен кірген. Полицейлер одан Ролли Чанс деген бейтаныс атпен жасалған төлқұжатты тапты. Ал ол болса бір жылдан бері демалыста жүрген көрінеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат