Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстанда «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылды

763 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуына орай құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің көлік-логистика саласының дамуындағы жаңа кезеңге тоқталды.

Мемлекет басшысы форум аясында «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі ресми түрде іске қосылғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға зор серпін береді.

– «Достық – Мойынты» жолы – аса маңызды инфрақұрылымдық бастама. Ол еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық байланыстарды нығайтады. Бұл – Қазақстанның даму стратегиясымен толық үндес жоба, – деді Қ.Тоқаев.

Президент тарихи деректерге тоқталып, 35 жыл бұрын «Достық – Алашаңқай» теміржолының салынғанын еске алды. Оның айтуынша, сол жолды салған ардагерлер бүгінде форумға қатысып отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қытаймен стратегиялық ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының Қазақстан үшін айрықша мәнге ие екенін, жаңа теміржол желісінің осы бастаманың нақты нәтижесі екенін жеткізді.

30 қыркүйек, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.