Атырау, 23 қараша 19:16
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Costa Concordia лайнері теңіз түбінен шығарылды

1 874 просмотра

Италияның Джильо аралында 2012 жылы теңізге батып кеткен алып Costa Concordia лайнерін су бетіне алып шығу операциясы аяқталды, деп хабарлайды РБК агенттігі Associated Press-ке сілтеме жасай отырып.

Тарихта тұңғыш рет инженерлер алып кемені су түбінен алып шықты. Өйткені кеменің салмағы 14 мың тонна, ұзындығы үш футбол алаңына тең.

Операция кеше басталған болатын. Кемені теңіз түбінен су бетіне шығару үшін биік тұғырға бекітілген болат арқандар пайдаланылды. Бүгін таңертең лайнер жартасқа бекітілген жасанды тұғырға орнатылды. Кемені шығаруға 500 жұмыскер жұмылдырылды.

Кемені жақын порттардың біріне сүйреп жеткізу тек келесі жылға жоспарланып отыр. Алып кеме тек 5 жыл көлемінде толық жойылады.

Costa Concordia кемесін су түбінен алып шығу шығыны 600 млн еуро. Барлық шығын кеме меншіктеуші компания мен оны сақтандырушыларға жүктелген.

17-палубалы круиздік лайнер Costa Concordia 2012 жылы 13 қаңтарда Италияның Тоскан провинциясы маңында Джильо аралының жағалауында су түбіне кеткен. Кеме батып бара жатқаны кеш хабарланғандықтан құтқару операциясы өте сәтсіз өткен. Борттағы 4 234 жолаушының 32-сі суға кеткен.

Дереккөз: bnews.kz

17 қыркүйек 2013, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.