Атырау, 13 ақпан 05:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

​Солтүстік Қазақстан облысында 720 ЖСН шетелдіктерге заңсыз берілген

354 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-ң филиалы (бұдан әрі-Филиал) Заң талаптарына қайшы, шетелдіктерге олардың Қазақстан Республикасының аумағында болмай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу туралы 720 өтініштерін рәсімдеген.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл 3 шілдеде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. 

Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

29 қыркүйек 2025, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.