Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Самұрық-Қазына» мен China Huadian энергетикадағы ынтымақтастықты талқылады

280 рет қаралды

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың China Huadian Overseas Investment компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Цю Тяньгенмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар электр энергетикасы саласындағы серіктестік перспективаларын талқылады. Жақыпов атап өткендей, қор үшін компанияның электр станцияларында және көмір кеніштерінде қолданылып жүрген тәжірибелік кейстер мен технологиялармен алмасу қызықты.

China Huadian Overseas – Қытайдың China Huadian Corporation мемлекеттік корпорациясының еншілес ұйымы. Ал China Huadian – Қытайдағы ең ірі мемлекеттік энергетикалық компаниялардың бірі, электр және жылу өндіру мен жеткізу, сондай-ақ жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды дамытумен айналысады.

29 қыркүйек, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.