Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда бірыңғай сауда стандарттары енгізілді

273 рет қаралды
Сурет: freepik.com

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті сауда қызметін құқықтық реттеу аясында жаңа шараларды іске асырды. 

Енді базарлар мен сауда нысандарында Ұлттық сауда стандарттары енгізіліп, барлық процестерге біркелкі талаптар қойылады: санитарлық, өртке қарсы, қала құрылысы, сондай-ақ сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік пен жайлылық стандарттары қамтылған.

Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, ішкі сауда және базар қызметінің ережелері жетілдіріліп, стандарттар мен нормаларды сақтау міндеттілігі бекітілді. Жаңа редакция бойынша базар регламенттерін бекіту тәртібі, әкімшілерге қойылатын талаптар және жалдау шарттарын жасау тәртібі бірыңғай құрылымда белгіленген.

Сонымен қатар, заңнаманың орындалуына бақылау күшейтілді. Тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтары қайта қаралып, базарларға 11 жаңа талап қосылды. Бұл шаралар тексерулердің тиімділігін арттырып, сауда саласында қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етеді.

29 қыркүйек, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.