
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ал осы қызметті атқарған Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Мемлекет басшысының өкімімен бұл лауазымнан босатылды.
Өмірәлиев 2022 жылдың маусымынан бастап ҚР Бас прокурорының орынбасары болды. 2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры болған.
В Атырау +3