Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматы «Қайрат» — «Реал» матчынан 4,8 млрд теңгеге дейін табыс табады

203 рет қаралды

Алматыға 30 қыркүйекте өтетін Чемпиондар лигасының «Қайрат» — «Реал Мадрид» ойынын тамашалау үшін мыңдаған шетелдік жанкүйер келді. Қалалық туризм басқармасының есебі бойынша, 4-5 мыңға жуық шетелдік қонақ келуі мүмкін, деп жазады Lsm.kz.

Mastercard төлем жүйесінің мәліметінше, туристер Алматыда орта есеппен 3,5 күн болады және тәулігіне шамамен 441 доллар жұмсайды. Осыдан қалаға түсетін кіріс мөлшерін шамалауға болады:

  • тәулігіне: 1,76–2,2 млн доллар (≈ 541,01 тг/$ бағамы бойынша 952,2 млн – 1,2 млрд тг);
  • төрт күнге: 7–8,8 млн доллар (≈ 3,8–4,76 млрд тг).

ЧЛ негізгі кезеңі аясында Алматыда еуропалық клубтармен тағы үш матч өтеді — «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос». Билік әр ойында кемінде 1 мың шетелдік көрермен болады деп болжайды. Стадионнан басқа, туристердің шығындары қонақ үй мен тұрғын үйді жалға алуға, көлікке, тамақтануға, ойын-сауықтарға және сервистерге жұмсалады. 

29 қыркүйек, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.