Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Жұлдыз Сүлейменова ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

215 рет қаралды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Білім: 2000-2004 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Тарих факультеті, «Тарих» мамандығы бойынша бакалавриат;

2006-2008 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша докторантура;

2008-2011 жж. ҚазҰУ докторантурасын «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.

Еңбек жолы: 2000-2004 жылдары — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзіндік басқарма төрағасы болды.

2004-2006 жылдары — Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.

2006-2007 жылдары — «Отан» Республикалық саяси партиясы филиалының Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары болды.

2007-2008 жылдары — Ы. Алтынсарин №159 көпсалалы гимназиясының тарих және құқық пәнінің мұғалімі (Алматы) болды.

2010-2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорының орынбасары, жастар әкімшілігінің төрағасы болды.

2011 ж. — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы болды.

2011-2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы болды.

2012-2014 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері болды.

2014-2017 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды.

2017-2019 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Даму департаментінің директоры болды.

2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры болды.

2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін — «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. 2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Ұлттық Құрылтайға мүше болды.

2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.

29 қыркүйек, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.