Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда Джеки Чанның қатысуымен фильм түсіріледі

497 рет қаралды
Сурет: Jackie Chan/Facebook

Алматыда қытай актері Джеки Чанның Salem Entertainment бейнеөндіріс студиясының командасымен жұмыс кездесуі өтті.

Студияның хабарлауынша, әлем кинематографиясында есімі аңызға айналған актердің бұл сапары бірлескен жобаны дайындауға қатысты болып отыр.

«Біз үлкен бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамен бірге болашақ фильмнің локацияларын таңдады, оның көп бөлігі Қазақстанда түсіріледі», - делінген студияның Instagram-дағы хабарламасында.

Salem Entertainment жобаның толық мән-жайын әзірге жарияламай отыр. Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, болашақ фильмнің жұмыс атауы — «Доспехи Бога 5».

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде Джеки Чан 30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» — «Реал Мадрид» матчына бару үшін Алматыға келді деген болжамдар пайда болған. Алайда актердің сапарының мақсаты кино өндірісімен байланысты екені ресми түрде расталды.

26 қыркүйек, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.