
Павлодар облысында өз қызын өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Бұл туралы өңірлік полицияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Информбюро.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 21 қыркүйекте Тереңкөл ауылында болған.
Әлеуметтік желіде хабарланғандай, баланың әкесі қатты мас күйінде қызды аяусыз ұрған. Куәгерлердің айтуынша, алған жарақаттарынан кейін бала ауруханаға жеткізілген, алайда оны құтқару мүмкін болмаған:
"Баланы аяғынан ұстап екі рет еденге ұрған, мойыны сынған, өкпесі мен бауыры жыртылған".
Бала үш жаста болған.
«Денен жарақатын алып, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, сол жерде есін жимастан қайтыс болды. Қылмыс жасады деген күдікпен оның әкесі қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», - делінген Павлодар облысының полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
Құқық қорғау органдары қажетті сараптама мен тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесі үшін қосымша мәліметтер жария етілмейді.
В Атырау +3