Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Астанада келер аптада алғашқы LRT пойызы жолға шығады

363 рет қаралды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжілісте жүргенде келер аптада 29-30 қыркүйекте алғашқы LRT пойызы рельспен жүріп өтетінін мәлім етті, деп жазады Kazinform.

Оның айтуынша, әуелі қысқа жолдан бастайды: 

"Әбу-Даби станциясынан Мәңгілік Ел бағытындағы көпірге қарай станциялар аралығындағы пойызды іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта күн сайын жұмыс уақытын, станциялар мен пойыздар санын арттырамыз". 

Жалпы, тестілеу үш айдан алты айға дейін созылады. Қазан айында қосымша сегіз пойыз жеткізіледі, ал 18 пойыздың барлығы желтоқсанға дейін пайдалануға беріледі.

Желтоқсанның аяғына дейін немесе қаңтардың ортасына қарай барлық пойыз сынақ режимінде жұмыс істейді. 

Жол ақысының жобалық құны — 200 теңге.

26 қыркүйек, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.