Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Шаруаларға қолдау: «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім беру басталады

324 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс жұмыстарын уақытында қолға алу туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатта «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылғы 1 қазаннан басталады.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауылшаруашылығы саласының өкілдеріне алдын ала қаржылай қолдау көрсету. Қаржы арқылы шаруалар:

  • * жаңа егіс маусымына дайындала алады,
  • * жанар-жағармайды тиімді бағамен сатып алады,
  • * тыңайтқыш алуға мүмкіндік алады,
  • * техниканы жөндеуден өткізеді,
  • * қажетті тұқым қорын қалыптастырады.

Бағдарлама шеңберінде жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі ұсынылады. Қажет болған жағдайда қарыздың 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігі берілуі мүмкін.

Қаржыландыру республика бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары және серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады. Егер 2022 жылы бағдарламаға 140 млрд теңге бөлінсе, биыл 700 млрд теңге қарастырылған, оның 500 млрд теңгеден астамы қазірдің өзінде игерілді.

Бағдарламаға қатысу үшін сала өкілдері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның аймақтық филиалдарына өтінім бере алады.

Толығырақ ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе Call-орталық арқылы алуға болады:

* 5353 (Kcell, Activ, Beeline)
* +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel)

26 қыркүйек, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.