Атырау, 5 желтоқсан 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Маңғыстау жағажайларында 24 адам әкімшілік жауапқа тартылды

334 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы жеке және коммуналдық жағажайларда азаматтар мен кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде 24 адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша (су айдындарында қауіпсіздік ережесін бұзу немесе сақтамау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіз және жайлы демалуын қамтамасыз ету үшін «Солдатский» коммуналдық жағажайы заң талаптарына сәйкес реттелді.

Жалпы жұмыстарды қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 37 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 24 млн теңге – жаңа құтқару бекетін салуға, ал 13,5 млн теңге – 15 құтқарушының жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады.

26 қыркүйек, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.