Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Иракта бірнеше жарылыс болып, 53 адам көз жұмды

1 759 просмотра

Иракта жексенбі күні бірнеше жарылыс болып, 53 адам көз жұмды, кем дегенде 150 адам жарақат алды, деп хабарлайды РОСБАЛТ. 

Елдің шииттер көп тұратын әр түрлі аймақтарында жарылғыш зат қойылған автокөліктер жарылды. Ең ірі лаңкестік әрекет республиканың орталығындағы Эль-Хилла қаласында жасалды. Мұнда екі автөкөліктің күлі көкке ұшты, кейіннен тағы бір жарылғыш құрылғы іске қосылған. Лаңкестік әрекет 15 адамның өмірін жалмады, 29 адам жарақат алды. 

Әзірге Ирактағы экстремистік топтардың ешқайсысы шабуылды мойнына алған жоқ.

Дереккөз: bnews.kz

16 қыркүйек 2013, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.