Атырау, 5 желтоқсан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Біріккен Араб Әмірліктерінің Климат және қоршаған орта министрімен екіжақты кездесу

206 рет қаралды
gov.kz

2025 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Климат және қоршаған орта министрі Амна бинт Абдулла әл-Дахак ханыммен екіжақты кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар климаттық саясат саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Ұлттық деңгейде айқындалатын үлестер (ҰДАҮ) шеңберінде шараларды күшейту, мониторинг, есептілік және верификация жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ шығарындыларды бейімдеу мен төмендетудің заманауи тәсілдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметін 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Орталық Азияның алдағы Өңірлік экологиялық саммитіне қатысуға шақырды.

Министр Ерлан Нысанбаев Қазақстан БАӘ-нің жаһандық климаттық күн тәртібіндегі көшбасшылығын, әсіресе елдің Дубайдағы COP28-ге төрағалығы тұрғысынан жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

26 қыркүйек, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.