Атырау, 5 желтоқсан 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

208 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Білімі: · Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982–1988) Тарихшы, шетел тілінде сабақ беретін тарих пәнінің оқытушысы

· КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1991 – 04.1993) Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, дипломат

Еңбек өтілі:

· Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде құпия іс жүргізу жөніндегі аға инспектор (08.1988–09.1988); 

· Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988–10.1989); 

· Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989–06.1990);

· Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990–09.1991); 

· ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993–08.1993); 

· ҚР СІМ Мемлекеттік хаттамалар басқармасының бірінші хатшысы (08.1993–12.1993); 

· ҚР СІМ Мемлекеттік хаттамалар басқармасының бөлім меңгерушісі (12.1993–06.1994); 

· ҚР Президенті Әкімшілігінің халықаралық бөлімінің кеңесшісі (06.1994–01.1996); 

· ҚР Президентінің хаттама қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы (01.1996–04.1996); 

· ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы, Швейцария Конфедерациясы, Берн қ. (04.1996–08.1997);

· Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азия қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, Алматы (08.1997–10.1997);

· ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997–11.1999); 

· «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» ҚҚ коммерциялық және жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары (01.2000–05.2000);

· «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» ҚҚ бірінші директор орынбасары (05.2000–10.2000); 

· «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі (10.2000–01.2001); 

· «ҚазТрансОйл» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ президенті аппаратының басшысы (01.2001–06.2001); 

· «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ аппаратының басшысы (06.2001–03.2002); 

· «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ президенті аппаратының басшысы (03.2002–01.2003); 

· «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бірінші вице-президентінің кеңесшісі (01.2003–03.2003);

· «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ президенті аппаратының басшысы (03.2003–12.2003);

· «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры (12.2003–05.2004); · «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары (05.2004–08.2004); 

· «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті аппаратының басшысы (08.2004–04.2005);

· «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ бірінші атқарушы директор орынбасары (04.2005–05.2006); 

· «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратының басшысы (05.2006–02.2007); · «Беркут» Қаржы-өнеркәсіптік тобы» ЖШС директоры, Астана қ. (02.2007–07.2007); 

· «KazEnerqy» Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» атқарушы директоры, Астана қ. (11.2007–04.2008); 

· «Рауан Медиа Групп» АҚ бас продюсері, Астана қ. (04.2008–05.2008);

· «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры, Астана қ. (05.2008–02.2009); 

· «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, Семей қ. (02.2009–07.2010); 

· Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары м.а. (07.2010–09.2010); 

· Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010–10.2012);

· Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012–12.2014); 

· ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі (12.2014–10.2016); 

· ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016–05.2018); 

· ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018–01.2019); 

· ҚР Сыртқы істер вице-министрі (01.2019–01.2020); 

· ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020–16.06.2023);

· Шығыс Қазақстан облысының әкімі (16.06.2023–14.02.2025);

· ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (14.02.2025 бастап). 



26 қыркүйек, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.