Атырау, 5 желтоқсан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ержан Қазыхан ҚР-ның БҰҰ бөлімшесіндегі Тұрақты өкілі болып тағайындалды

279 рет қаралды
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Президенттің жарлығымен  бұрын атқарған Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды.

1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетін тәмамдады. Тарих ғылымдарының кандидаты.

1989 – 1992 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Хаттамалық-саяси бөлімінің екінші, бірінші хатшысы.

1992 – 1995 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама басқармасы бөлімінің меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары.

1995 – 1999 жж. – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде (Нью-Йорк қ.) бірінші хатшы, кеңесші.

1999 – 2003 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

2003 – 2007 жж. – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі (Нью-Йорк қ.); Куба Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қоса атқарушы.

2007 – 2008 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі.

2008 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2009 – 2011 жж. – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі.

2011 ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі.

2011 – 2012 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2012 – 2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2014 – 2017 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, қоса атқарушы негізде Қазақстан Республикасының Ирландия және Исландия Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2017 – 2021 жж. – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2021 – 2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі.

2022 – 2023 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие. 


26 қыркүйек, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.