Атырау, 23 қараша 19:25
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кеншілер үшін қаралы күн: Ресей, Ауғанстан және Украинада төтенше жағдай

1 967 просмотра

Жексенбі, 15 қыркүйекте әлемнің түрлі мемлекетіндегі кен орындарында төтенше оқиға орын алды, деп хабарлайды РБК

Ресейдің Кемеров облысындағы «Осинниковская» шахтасында жарық сөнгеннен кецін бас жеддеткіш тоқтап қалды да, 278 жұмысшыны қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Бұл жөнінде РБК-ға өңір бойынша ТЖМ ММ баспасөз қызметі хабарлады. 

Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. 11 адам шахта жұмысын үзбеу үшін кеніште қалды.

Украинаның Луган облысында үш жұмысшы кеніште қаза тапты. Олардың денелері бүгін 80 м тереңдіктен табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар ауаның жетіспеушілігінен қаза тапқан.

Ауғанстанның Саманган провинциясындағы Абхорак көмір шахтасында жер қабаты опырылып құлап, кем дегенде 27 адам қаза тапты. Жер астында әлі 13 адам қалып қоюы мүмкін, деп хабарлайды France 24. Құтқарушылар әзірше ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.  

Дереккөз: bnews.kz

15 қыркүйек 2013, 21:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.