Атырау, 5 желтоқсан 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда қызғаныштан әйелін өлтірген ер адам сотталды

633 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Атыраудың 61 жастағы тұрғыны әйелі опасыздық жасамаса да жасады деп күдіктеніп, оны өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы жағдаймен аяқталған оқиға отыз жыл бұрын басталған. 1990 жылдардың ортасында бір дастархан басында отырған көршісі қатты мас күйде отырып, ер адамға оның қыздарының бірі оның туған қызы емес деп айтып қалады. Ертеңіне көршісі бұл сөзді «мас болдым, олай айтуыма ешқандай негіз жоқ» деп ақталған. Алайда бұл сөздер ойында қалып, уақыт өте келе мазалайтын болды. 

Ойындағы күдік бара-бара күшейіп, әйеліне сенбей қалатын күйге жетті. Ол әйелін қызғанып, опасыздық жасадың деп айыптап, ұрыс-керіс шығарып жүрді. Ал өзі ішімдікке әуес бола бастады. 

Осы жылғы мамырдың басында бұрын өкпелегені қайта есіне түсті.  Мамырдың 1-нен 6-сына дейін ол ішімдік ішуден қол үзбеді. 6 мамыр күні кеште мас күйде әйелін қайтадан жазғырып, ас үйге барып ішімдік ішуін жалғастырды. Таңға жақын оянып кетіп, жанында ұйықтап жатқан әйелін көріп, қызғаныштан оны өлтіруге бел буады.

Сейфтен өз атына тіркелген аңшы мылтығын алып, оқтап, дәл тақап тұрып екі рет атып жібереді. Әйелі сол жерде жан тапсырды. Таңертең ер адамның өзі полицияға қоңырау шалып, жасаған ісін мойындады.

Тергеу және сот оның әрекеттерін ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы («Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру») бойынша саралады. Үкімді судья Зарема Хамидуллина жариялады: 15 жылға бас бостандығынан айыру.

Атыраудағы трагедия «мас күйінде» абайсызда айтылған бір сөздің өзі  арадағы сенімді, өмірді және бүкіл отбасының тағдырын қалай бұзуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Айгүл МАНСУРОВА

24 қыркүйек, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.