АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри және РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы көзі жойылатын химиялық қарудың түрі мен көлемі туралы келісімге келді, деп хабарлайды РБК.
Бұл жөнінде 14 қыркүйекте Сирия жөніндегі РФ мен АҚШ сыртқы саясат басшыларының келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Дж.Керри мәлімдеді.
Келіссөздер барысында негізгі мақсатқа қол жетті – Сирия химиялық қаруды халықаралық қадағалауға өткізеді, деді өз кезегіде С.Лавров баспасөз мәслихатында.
Дереккөз: bnews.kz