Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қаржылық мониторинг: заңсыз микрокредиттерге тосқауыл қойылуда

349 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Қаржылық мониторинг агенттігі халықтың қарыздық жүктемесін азайту мақсатында заңсыз микрокредит беру схемаларын әшкерелеу жұмыстарын жүргізуде.

Агенттіктің хабарлауынша, еліміздің әр өңірінде 200-ге жуық филиалы бар ірі ломбардтар желісі «комиссиялық дүкен» ретінде жасырынған. «Актив Ломбард» желісінің иесі Койнов С.С. сенімді адамдар арқылы «Актив Маркет» брендімен бірнеше компания ашып, лицензиясыз қарыз берумен айналысқан.

Қысқа мерзімді қарыздар үшін заңда тәулігіне 0,3%-дан аспайтын сыйақы мөлшері белгіленген. Алайда Койнов С.С. компаниясы 15 күнге 16,2% сыйақыға қарыз беріп, заңдық шектен төрт есе асып кеткен. Нәтижесінде жүз мыңдаған азамат, соның ішінде зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар қарыз тұзағына түскен.

Соңғы екі жылда осындай заңсыз қарыздар арқылы 3,5 млрд теңгеден астам қаражат алынған. Сонымен қатар, түскен кірістерді заңдастыру үшін жалған келісімшарттар жасалып, 1,9 млрд теңге жеке шоттарға дивиденд ретінде аударылған.

Қазір еліміздің барлық өңірінде 200-ден астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті ретінде 15 тұлға анықталған.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды заңсыз сыйақы алған жағдайда құқықтарын қорғауға және кінәлілерді заңда көзделген жауапкершілікке тартуға шақырады.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін: Call-center: 1458

19 қыркүйек, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.