Атырау, 26 қараша 06:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Болашақта» орын алған оқиға тергелуде

3 156 просмотра

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясы тамыздың аяғында «Болашақ» зауытында орын алған оқиғаға («Болашақ» зауытындағы апат» жарияланымын қараңыз) қатысты комментарий ұсынды.

НКОК-тың сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Ханс Венк қол қойған құжатта «Болашақ» зауытындағы оқиға (облыстық экология департаменті хабарлағандай, 26 тамызда емес) 2013 жылы 25 тамызда орын алған деп хабарланады.

«Аджип ҚКО компаниясы 25 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында нысанды іске қосу үшін сынақ жүргізу кезінде мұнай мен газды айыру учаскесінде клапаннан газ кеткен. Апатты түрде тоқтатылып, зауыт жүйесі қысымды үрлеу көмегімен түсіріп, бүкіл қызметкер жиналу орнына жиналып, апатты жағдайда қауіпсіз жерге көшірудің бекітілген тәртібіне сай қауіпсіз жерге көшірілді. Тиісті бақылау органдарына оқиға туралы хабарланды. Сол уақытта жылыстауды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқиғаны тергеу бекітілген тәртіпке сай жүргізілуде, - деп хабарлады Х.Венк.

Іс жүзінде НКОК әңгіменің штаттық жағдай туралы емес, зауыттағы басты қондырғылардың бірінде орын алған айтарлықтай апат туралы екенін растап отыр. Егер онда Қашаған мұнайы бар болса, атмосфераға күкіртсутектің екпінді мөлшері шығарылған болар еді (естеріңізге салсақ, Қашағандағы мұнай өндіру 11 қыркүйекте басталған еді).  

Дегенмен, бәрібір қауіп көп болатын. Газдың кетуі Мақат газ тарату жүйесінен отын газы келетін тұрба құбырлары мен жабдықтарды шайып тазалау жұмыстары барысында орын алған. Сәл тұтанса жарылуы мүмкін еді. Сондықтан бұған да шүкірлік етеміз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 қыркүйек 2013, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.