Атырау, 19 сәуір 12:01
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Болашақ» зауытындағы апат

2 795 просмотра

Көрнекі фотоКөрнекі фото«Болашақ» зауытының мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіруге әкелген апат орын алды.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, оқиға 26 тамызда болған. Зауыттағы датчиктер 13 бар қысымдағы сұйытылған газдың кеткенін тіркеген. Содан кейін апатты дабыл іске қосылған. Нәтижесінде зауыттың бүкіл қызметкері арнайы қауіпсіз орындарға жиналды.  

Естеріңізге салсақ, қазіргі кезде «Болашақ» зауытында да, теңіз кенішіндегі қондырғыларда да Мақат газ тарату жүйесінен күкіртсутектен тазартылған газ келетін тұрба құбырлары мен жабдықтарды шайып тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Егер апат болған сәтте зауыт желілерінде күкіртсутекке қаныққан Қашаған мұнайы болса, оның салдары анағұрлым салмақты болған болар еді.  

Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары Руслан ТӨКЕНОВ оқиғаның орын алғанын растады. Департаментке Мақат ауданының прокуратурасы мен ҰҚКД-нен ақпарат түскен. «Аджип ҚКО» менеджерлері штаттық экологтарға айтарлық ештеңе болмағанын растағанына қарамастан, осы факт бойынша тексеру жұмыстары басталмақ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 қыркүйек 2013, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.