
М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 100 жылдық мерейтойын Атыраудан бастады. Бұл құрметке Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының ұжымы мен студенттері де қатысып, театр әртістерімен кездесті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Актриса Гүлшат Тутова:
М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының мерейтойлық сапарын Батыс өңірден бастадық. Атырауда телеарналарға, мектептер мен колледждерге барып, театр туралы әңгімелесіп жүрміз. Театрға шын жүректен берілгенде ғана өнер саған өз жанын сыйлайды – деді.
- 15-18 қыркүйек аралығында Атырау көрермендеріне театр репертуарындағы таңдаулы қойылымдар ұсынылды:
- 15 қыркүйек — М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясы
- 16 қыркүйек — Т. Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясы және С. Досжановтың «Махаббат пен қасірет» драмасы
- 17 қыркүйек — Р. Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» және «Сезім хаттары» спектаклі
- 18 қыркүйек — А. Володиннің «Қоштасқым келмейді» және М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатып алыңызшы» комедиясы.
16 қыркүйек, 18:36
В Атырау +1